Біз туралы

«Бәйтерек» Холдингі туралы ақпарат

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Бәйтерек» Холдингі, Холдинг) – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

 

«Бәйтерек» холдингі – 61 ұйымды, оның ішінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Холдингке меншік құқығымен тікелей немесе жанама тиесілі 11 еншілес ұйымды қамтитын интеграцияланған даму институты: Холдингтің 100 пайыздық қатысуымен 10 акционерлік қоғам және 97 пайыздық қатысуымен бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ миссиясы мемлекеттік саясатты іске асыру және «2050 – Стратегиясында» қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ҚР Тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

 

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

 

Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;

ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;

Экспорттық әлеуетті арттыру;

Инновациялар енгізу және трансферті.