«Бәйтерек» холдингі KASE алаңында 100 млрд теңге көлемінде облигациялар орналастырды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында жылдық 11,3% кірістілік мөлшерлемесі бойынша, 7 және 10 жыл айналым мерзімімен жалпы көлемі 100 млрд теңге облигациялардың екі шығарылымы сәтті орналастырылғанын хабарлайды.


Холдингтің облигациялары көптеген инвесторларға ұсынылды, өткізілген мамандандырылған сауда-саттық бойынша сұраныс тиісінше 143% және 114%-ды құрады. Тартылған қаражат «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қарыз алушылары іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады. 


Бұл мәмілелер бойынша қаржы кеңесшісі және андеррайтер – «Halyk Finance» АҚ, ал мәмілелер бойынша брокерлер – «Halyk Finance» АҚ мен «SkyBridge Invest» АҚ.