"Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталды

"Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттары, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамоталары және Холдинг Басқарма Төрағасының Алғыс хаттары тапсырылды. Холдинг басшысы Айдар Әріпханов ұжымды айтулы күнмен құттықтады.


 


- Бүгін сіз жоғары марапаттарға ие болдыңыз, бұл сіздің жеке және кәсіби қасиеттеріңіздің тікелей растауы болып табылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен сіздерге жемісті еңбек және еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесіңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін! Өйткені, "Бәйтерек" холдингі көп үлес қосты. Біз-еліміздің басты мемлекеттік даму институтымыз. Біздің тікелей қатысуымызбен елімізде бизнес дамып, қазақстандықтар үшін қолжетімді баспана салынуда, - деді Айдар Әріпханов.


 


Ел игілігі жолындағы жемісті жұмысы үшін ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттарымен "Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері - корпоративтік хатшы қызметі жобасының жетекшісі Лаззат Асқарова, тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Данияр Кенбаев, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Анар Сағидан, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымдары марапатталды - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ техникалық талдау және мониторинг департаментінің директоры Динар Ахметбеков, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Алмас Рахимберлин, "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Ақмола өңірлік филиалының қаржылық қолдау жөніндегі менеджері Тарас Шалыга қатысты.


 


Мінсіз қызметі мен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамоталары "Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері - Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері Айдос Қадыровқа, активтерді басқару департаментінің жоба басшысы Мұрат Мәмековке, ішкі аудит қызметінің басшысы Жамила Науановаға, Корпоративтік хатшы қызметінің бас менеджері Оксана Нечаеваға, экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас менеджері Нұрым Нұғымановқа, сондай-ақ еншілес ұйымдарға берілді – "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Айдос Бекбосынов, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров, "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсел Дықанбаева, "KazakhExport" ЭСК" АҚ сақтандыру департаменті директорының орынбасары Мейрамбек Жанғалиев, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Олег Пакке.


 


Холдингтің және еншілес ұйымдардың келесі қызметкерлері жоғары кәсіби қасиеттерін көрсеткені және елдің өркендеуіне қосқан жеке үлесі үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды:


 


Айнагүл Байдәулетова - "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының директоры;


 


Қанат Нетов -"Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС әкімшілік-қаржы департаментінің бас менеджері;


 


Бибігүл Байғожаева - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері;


 


Балжан Есенбаева - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ клиенттермен жұмыс жүргізу дирекциясының аға банкирі;


 


Дәмегүл Жүргенбаева -"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ бизнес-процестер департаментінің директоры;


 


Арман Үсенов - "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалының қаржылық қолдау жөніндегі бас менеджері;


 


Никита Зайцев - "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ шағым-талап жұмысы департаменті директорының орынбасары;


 


Зара Әлімбаева - "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ персоналмен жұмыс және іс жүргізу департаментінің директоры;


 


Жұлдыз Сартқожинова - "KazakhExport" ЭСК" АҚ бухгалтерлік есеп және әкімшілендіру департаментінің бас бухгалтері-директоры;


 


Нұржан Өскенбаев - "Қазақстандық Ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ операциялық қызмет департаменті Сатып алу қызметінің бас маманы;


 


Салтанат Ибрагимова - "Қазақстандық Ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ Заң департаментінің бас заңгері;


 


Диана Қожемжарова - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Стратегиялық даму департаментінің бас менеджері;


 


Динара Алтаева - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару департаментінің жоба жетекшісі;


 


Руслан Алшынбаев - "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ №3 жобалау дирекциясының басшысы;


 


Айгүл Әбілдина - "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ техникалық сараптама және мониторинг департаментінің директоры;


 


Қайсар Жұманов - "QazTech Ventures" АҚ венчурлік қаржыландыру департаментінің бас сарапшысы;


 


Қаныш Қалиев - "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері;


 


Рауан Сейфуллин - "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ портфельдік қорлар департаментінің бас менеджері;


 


Қымыз Ерғазинова - "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаментінің бас менеджері;


 


Диас Бексолтан - "QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;


 


Ернар Сүлейменов – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері.


 


Марапаттау рәсімінен кейін іс-шараға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Лаззат Асқарованың айтуынша, кез келген қызметкер ел басшылығының, әсіресе ұлттық мереке қарсаңында, назарын аударғаны қуантады. Лаззат Бекбулатовна "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінде 2013 жылдан бері жұмыс істейді.


 


 


- Еліміздің және "Бәйтерек" холдингінің басшылығына көрсеткен сенімі үшін шынайы ризашылығымды және алғысымды білдіремін. Еліміздің ірі холдингтерінің бірінде жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе. Баршаңызға денсаулық, алға қойылған мақсаттарға жету, гүлдену біздің холдингке және мемлекетке, - деді ол.


Өз кезегінде құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Анар Сағидан ел басшылығына және холдингке оның еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.


 


 


- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай танылу мен үшін мемлекетіміздің игілігі үшін одан әрі жұмыс істеу үшін құрмет пен ынталандыру болып табылады, - деп атап өтті А.Сағидан.


"Бәйтерек" холдингінің басшысы ұжымға отбасына амандық, мықты денсаулық, сондай-ақ елімізге бейбітшілік пен гүлдену тіледі.