Бәйтерек " холдингі өз облигацияларын мерзімінен бұрын сатып алды

2021 жылғы 12 ақпанда «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалпы көлемі 65 млрд теңге болатын өз облигацияларын толық мерзімінен бұрын сатып алуды жүзеге асырды.

Облигациялар сыртқы көздерден қаражат тарту тетігі арқылы құрылыс саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ Холдингінің еншілес ұйымдарын қаржыландыру шеңберінде 2019 жылы 10 жылға дейінгі мерзімге шығарылды және орналастырылды.

Айта кетейік, 2020 жылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы - «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ құрамына кірді.

Облигациялардың ұстаушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ еншілес құрылымдары болып табылды.