«Бәйтерек» холдингінің қыз-келіншектері: 8 наурызға алатын басты сыйлық – жақындарыңыздың назарына бөлену

«Бәйтерек» холдингінің көптеген департаменттерін әйелдер басқаратынын білесіз бе? Олардың еліміздің мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қосатын үлесі зор. Сонымен қатар, олар сезімтал әйелдер және қамқор аналар. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз оларға жүгініп, жұмыстағы басшылық лауазымды отбасының ұйытқысы «лауазымымен» қалай біріктіретінін және 8 наурыз олар үшін нені білдіретінін білуді шештік.



Дина Акрачкова,


Аппарат басшысы


«Мен өзімді жақындарым менің мансабымды дамыту үшін барлық жағдай жасаған бақытты әйелдер санатына жатқызамын. Сондықтан мен үшін бұл лауазымдарды біріктірудің қажеті жоқ. Ал 8 наурыз мен үшін көктем, гүлдер мен көңіл-күй мерекесі, сондықтан мен ер адамдардан осыны күтемін».



Майра Тұрғанова,


Корпоративтік хатшының орынбасары-Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы


«Әйел болу - бұл шын мәнінде өнер. Мен жұмысқа көп уақыт бөлсем де, мен үшін әрқашан отбасы бірінші орында. Мен «үйдегі ауа-райы ең маңызды» деген ойды дұрыс деп санаймын, өйткені отбасында бәрі жақсы болған кезде, жұмыста да бәрі ойдағыдай болады. Сондықтан мен үйде - қарапайым әйел, сүйікті жар, төрт баланың анасымын.


Мен әрқашан әйелдің отбасымен айналысуы керек екенін түсінемін, бірақ менде анамның жұмыс істеп, үй шаруашылығымен де айналысқанын және өзіне де қарап, әрқашан жақсы көрініп жүретінін көріп өскенмін. Бұл маған үлкен үлгі болды. Әйел үшін қоғамда өзін-өзі тану өте маңызды. Менің керемет отбасым және сүйікті жұмысым бар екеніне қуаныштымын.


Бүгінгі таңда 8 наурыз бұл мерекенің тарихына қарамастан, махаббат пен отбасылық құндылықтар күніне айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 8 наурызды әйелдердің жетістіктерін мерекелеу күні деп жариялап, әлемге гендерлік теңдікті сақтау қажеттілігін еске салды. Біздің холдингімізде гендерлік теңдікті корпоративтік басқару және жалпы менеджмент деңгейінде қолдай отырып, әріптес әйелдердің жетістіктері мен үлесіне үлкен көңіл бөлінеді деп санаймын. Ал біздің отбасымызда 8 наурыз - бұл менің әкемнің туған күні, көктемнің басы, және жалпы наурыз айы қазақтар үшін дәстүрі бойынша «көрісу» айы. Мен үшін, ең алдымен, бұл отбасылық мереке, әкемді туған күнімен құттықтауға келген барлық қонақтар отбасының барлық қыз-келіншектері - анам мен үш апалы-сіңлі қыздарды құттықтайды. Біздің отбасымыз үшін бұл жаңа жыл сияқты».



Әсел Батталова,


Талдау және зерттеу департаментінің директоры


«Мен жұмыстан және отбасынан үлкен рахат аламын. Жеке өзіме екі «лауазымның» арасындағы тепе-теңдікті сақтауға дұрыс күнделікті күн тәртібі мен оны қатаң сақтау көмектеседі. 8 наурыз мен үшін қолында шоқ гүлдер бар бақытты әйелді елестетеді».


Жанар Жакаева


Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры


«Менің ойымша, әмбебап формула жоқ, әр әйел үшін ол әр түрлі. Қазіргі заман бізге өз ережелерін талап етеді, сіз жылдам, икемді, көп мақсатты, барлық жағдайда жоғары ұйымдастырылған болуыңыз керексіз. Бұл қасиеттер мансапта да, отбасында да негіз болып табылады. Отбасы мен үшін әрқашан бірінші орында, ал егер мансап немесе отбасын таңдау мәселесі тұрса, мен, әрине, отбасын таңдаймын. Бірақ мұндай таңдау менің алдымда ешқашан болған емес, сондықтан мен жұбайыма ризамын. Ол мені әрдайым қолдайды, менің ойымша, бұл отбасылық әл-ауқаттың құпиясы. Ал 8 наурызда мен үшін басты сыйлықтар - ұлдарым мен жұбайымның маған беретін сезімдері мен эмоциялары. Қалғаны маңызды емес».


Айгуль Баймульдинова,


Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы


«Мен «Бәйтерек» холдингі сияқты тамаша компанияда жұмыс істегеніме қуаныштымын. Мен өз жұмысымды жақсы көремін және оны мақтан тұтамын. Кіріс, шығыс құжаттар жай ғана өткіншіл емес, әрқашан оларды ұмытпаған абзал. «Ерекше» бақылау түрі - бұл жұмыста да, үйде де басымдықта тұрады. Кейде отбасы мен жұмысты біріктіру қиын болып көрінеді, бірақ осы күрделілік мені ынталандырады. Күндіз кеңседе маңызды мәселелерді шешу, ал кешке кешкі аста бүгін не болғанын бөлісу және ертеңгі жоспарларды талқылау үшін үй шаруашылығына асығу мен үшін өте қызықты. Мен үшін сүйікті отбасым және тату-тәтті ұжым - бұл екі жарты бір бүтін. 8 наурыз - бұл әрқашан қуанышты, жарқын мереке! Бұл раушанның хош иісі және сүтті шоколадтың дәмі, жылы құшақтар, жүрекке жағымды сыйлықтарды күту!»


Алия Мурзагалиева,


Активтерді басқару департаментінің директоры


«Отбасы мен жұмысты тек жоспарлау және осы жоспарды орындау арқылы біріктіруге болады. Егер жоспар орындалмаса, қатты көңілің түспеуі үшін әрдайым бірнеше нұсқа болуы керек. Кейде жұбайыңа және балаларыңа қандай да бір мәселелерді жүктеуге тура келеді. Менің ойымша, бұның барлығы жұбайымның қолдауының және көптеген тұрмыстық мәселелер бойынша қыздарымның өз бетінше шешім қабылдай алуларының арқасында.  


Мен үшін 8 наурыз - бұл ең алдымен отбасыммен өткізетін сәт. Нәзіктік пен ана махаббатының мерекесі. Осы күндері мен «Аналар мен қыздар күнін» өткізуге тырысамын - бұл біздің дәстүріміз. Біздің жанымызда әрдайым сүйікті әкеміз бар. Ол бізді міндетті түрде ерекше құттықтайды. Мен әдемі, маңызды сәттер мен қызғалдақтар күтемін».


Перизат Шакенова,


Баспасөз қызметінің басшысы


«Қызым мен ұлым өсіп-өніп, бүгінгі күні олардың өз отбасы мен өз тіршіліктері бар. Мен, әрине, әрқашан олардың қасындамын және қажет болған жағдайда қол ұшын беріп отырамын. Сондықтан мен өзім жақсы көретін отбасым мен жұмысымды оңай үйлестіре аламын деп айта аламын. Менің PR саласында 24 жылдық тәжірибем бар. Менің мансабым Павлодар облысының Май ауданында, өзім жұмыс істеген әкімдікте көктемгі «Май-ТВ» телеарнасын құрудан басталды.


Мен 9 наурызда дүниеге келгенмін. Сондықтан 8 және 9 наурызды отбасымызбен бір күнде - 8 наурызда атап өтетін едік. Менің кішкентай кезімде барлық туыстарымыз 8 наурызда әжелер мен аналарды құттықтау үшін келетін, олармен бірге мені де туған күніммен құттықтайтын еді. Шындығында, бұл нағыз отбасылық мереке болатын, үлкен дастархан басында бірнеше ұрпақ – үлкен әжелерден бастап шөберелерге дейін жиналтынбыз. Бала кезімде менің ренжіген кездерім де болды, бірақ қазіргі уақытта бұның өзі бақыт екенін түсінемін. Бұл жақсы дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасуда».