«Бәйтерек» холдингі KASE-де 50 млрд теңге көлеміндегі облигацияларын орналастырды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында жылдық 11% кірістілік мөлшерлемесі бойынша және 10 жылдық айналым мерзімімен жалпы сомасы 50 миллиард теңгені құрайтын облигациялар шығарылымын сәтті орналастырды.


Холдингтің облигациялары инвесторлардың кең ауқымына ұсынылды, өткізілген мамандандырылған сауда-саттық бойынша сұраныс 142% - ды құрады. Бөлінген қаражат Холдингтің еншілес ұйымы - өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы лизингтік қаржыландыруға бағытталатын болады.


Осы мәмілелер бойынша қаржы кеңесшісі және андеррайтері ретінде «Halyk Finance» АҚ, мәмілелер бойынша брокерлер «Halyk Finance» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ болды.