«Бәйтерек» холдингі төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Қаныш Теміртайұлы Ізбастин «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осыған дейін Холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ны басқарған болатын.


Қ. Ізбастин агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.


Қ. Ізбастин 1981 жылы дүниеге келген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын, Орталық Азия университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүйесінде түрлі лауазымдарда жұмыс атқарған;


2007 жылғы сәуірден 2008 жылғы сәуірге дейін – «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;


2008 жылғы сәуірден 2012 жылғы мамырға дейін – «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасы»;


2012 жылғы мамырдан қарашаға дейін - «ҚазЭкспортГарант» экспорт-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы;


2013 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қыркүйекке дейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры;


2015 жылғы 3 қыркүйектен 2021 жылғы наурызға дейін – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы.


Еске сала кетейік, бұған дейін «Бәйтерек» холдингінің құрамына бұрынғы «ҚазАгроның» үш еншілес ұйымы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кіргені хабарланған болатын. Бұдан басқа, холдингтің ұйымдық құрылымында штат санын ұлғайтпай ауыл шаруашылығы активтерін басқарудың жаңа департаменті құрылды.