«Бәйтерек» холдингінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына Холдингтің және еншілес ұйымдардың топ-менеджменттері қатысты.


Өткен жылдың соңынан бастап ұлттық компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет-заңнамалық деңгейде енгізілгенін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды көздейтінін атап өткен жөн.


Кеңес барысында Агенттіктің парасаттылық департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов елде комплаенс-қызметтерді енгізу бойынша Заңнамалық база құрылғанын, оларды дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленгенін атап өтті. Осылайша, Н.Бекинов Холдинг компаниялары тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша, оның ішінде кадрлардың біліктілігін тұрақты арттыру бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.


«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ комплаенс қызметі 2017 жылы құрылған және корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және комплаенс-тәуекелді басқаруға жауапты. Комплаенс қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды, мүдделер қақтығысының алдын алады, іскерлік әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, сыбайлас жемқорлық және басқа да заңсыз әрекеттер туралы өтініштерін қарайды.


Жалпы, «Бәйтерек» Холдингі ҚР Үкіметінің негізгі қаржы агенті бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта Холдингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар кешенін, сондай-ақ Еңбек міндеттерін орындау кезінде адалдық және ашықтық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты қабылданды.


Іс-шара соңында Агенттік пен Академия өкілдері кеңеске қатысушылардың туындаған сұрақтарына толық жауап берді.