«Бәйтерек» холдингінің акцияларының мемлекеттік пакеті Ұлттық экономика министрлігінің қарамағына берілді

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағына берілді.


- «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық экономика министрлігіне берілсін, - делінген Үкіметтің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 қаулысында.


Бұған дейін мемлекеттің акционерлік капиталдағы үлесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен ұсынылған болатын.