«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

2021 жылғы 12 сәуірден бастап «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - Отбасы банк іске асыратын «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.


Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға тек әкімдікте кезекте тұрғандар ғана қатыса алады:


- көпбалалы отбасы;


- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;


- толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс).


Банктен хабарлағандай, енді үміткерлерге әкімдікке барып, жолдама алудың қажеті жоқ. Осы жылдан бастап өтінімдер онлайн түрде қабылданады.


Бағдарламаның шарттары бірдей: несие мөлшерлемесі - жылдық 2%, ал бастапқы жарна - 10%. Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін табыс мөлшерін де ескерген жөн. Отбасының әр мүшесіне келетін табыс мөлшері айына 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 106 336,2 теңгеден аспауы қажет.


Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады.


Барлық ресми ақпараттар @otbasy_bank_kz парақшасында және https://hcsbk.kz сайтында жарияланған.