Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтау

Құрметті қазақстандықтар! 


«Бәйтерек» холдингінің ұжымы атынан Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! 


Бұл маңызды және ерекше мемлекеттік мерекелердің бірі, өйткені Тәуелсіз Қазақстанның барлық табысы мен жетістігі, ең алдымен, ұлты мен дініне қарамастан, қазақстандықтардың мызғымас достығының нәтижесі болып табылады. 


Баршаңызға жақсылық пен өркендеу, бейбітшілік, әр үйге молшылық, денсаулық пен табыс тілейміз!