«Бәйтерек» холдингі Француз инвесторларымен ынтымақтастық орнатуда

Бүгін «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қаныш Ізбастин Еуропа және Францияның Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі министр-делегат Франка Риестердің ресми сапары аясында Қазақстанға келген француз бизнесінің өкілдерімен кездесу өткізді.


Қаныш Ізбастин өзінің құттықтау сөзінде Еуропа елдерімен, атап айтқанда Франциямен ынтымақтастық және бірлескен жобаларды қолдау Холдинг үшін басым болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол француз әріптестеріне «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шараға қатысқан Холдингтің еншілес компанияларының өкілдері қонақтармен өз қызметі туралы ақпаратпен алмасты және оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.


Каныш Избастин.jpg


- «Бәйтерек» Холдингі Қазақстан Үкіметі атынан жалғыз акционер тарапынан қолдауды пайдалана отырып, сондай-ақ еліміздің дамуының негізгі қаржы институты ретінде Қазақстанның егемен рейтингі деңгейінде кредиттік рейтингтерге ие бола отырып, жобаларды құрылымдау кезеңінен бастап оларды қаржыландыруға және экспорттық қолдау көрсетуге дейін қолдаудың түрлі нысандарын ұсына отырып, қазақстан және француз бизнесінің іскерлік бастамаларының сенімді жолсерігі болуға дайын екенін атап өткім келеді, - деп түйіндеді өз сөзін Қ.Ізбастин.


Өз кезегінде Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы, «Lazard» инвестициялық банкінің аға кеңесшісі Ив-Луи Даррикаррер Француз бизнесі ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытып отыр дейд.


- Бүгін біз «Бәйтерек» холдингі қызметіне қатысты көптеген сұрақтар қойдық. Біздің делегацияда ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстандағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқан түрлі компаниялар бар. Мен Холдинг басшылығымен кездескеніме өте қуаныштымын. Бұл инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға қажетті серпін береді деп санаймын, - деп атап өтті Ив-Луи Даррикаррер кездесуді қорытындылай келе.


Ив-Луи Даррикаррер.jpg


Айта кетейік, кездесу барлық көлемдегі және саладағы 800 мың кәсіпорынды біріктіретін француз бизнесінің флагманы - «MEDEF International» жеке бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараға VICAT, IVECO, BPIfrance, Orano, Thales және басқа да ірі француз компанияларының топ-менеджерлері қатысты.


Қорытындылай келе, тараптар бұл кездесу жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді анықтайтынын, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты нығайтуға және кеңейтуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.