KDA бағдарламасының 10 финалисті әрқайсысы 50 мың долларға ие болды

Бүгін «Бәйтерек» холдингі мен «Quest Ventures» сингапурлық венчурлық қоры жүзеге асырған «Kazakhstan Digital Accelerator» (KDA) халықаралық жеделдету бағдарламасының 10 финалистін марапаттау рәсімі өтті.


KDA бағдарламасының әрбір финалисті өз бизнесін дамытуға 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде несиелік инвестиция алды. Олар бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 150 стартапердің ішінен іріктелді. Финалистер инвестиция алып қана қоймай, соңғы төрт ай ішінде халықаралық менторлардан оқып, сараптамалық баға алды және қосымша инвесторларды тарту үшін жетекші халықаралық инвесторларға өз жобаларын таныстырды.


 DAN07402.JPG


«Бәйтерек» холдингі – мемлекеттік компания. Ол арқылы мемлекет венчурлық қорларды құру үшін ақша құяды. Бірақ олар ақшаны басқаруды, стартаптарды таңдауды және басқаларын білетін халықаралық кәсіби венчурлық қорлармен құрылады. «Бәйтерек» холдингі бірлесіп инвестициялау қорлары сияқты механизмдер арқылы қаржыландыру бөлетіндіктен, бізге экожүйеде үшінші класты стартап-экожүйенің өзі жұмыс істей алатындай – жеткіліксіз венчурлік инвестицияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Бағдат Мусин.


Өз кезегінде, «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы директоры Әділ Нұрғожин сингапурлық әріптестерімен ынтымақтастықты сәтті деп атап, бағдарламаны Қазақстанның өңірлеріне кеңейту жоспарланып отырғанын хабарлады.


DAN07381.jpg


Жалпы Қазақстанда алғаш рет квазимемлекеттік компания осындай деңгейде «Temasek» компаниясымен ынтымақтастық жасайды. Ынтымақтастық сәтті, портфолиосы белсенді және өсіп келеді. Акселерация бағдарламасы өзін-өзі ақтады және тиімді түрде жүріп жатыр. Осы кезеңде біз басқа өңірлерге, мысалы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Атырау, Алматыны қоса алғанда, кеңейтетін боламыз. Біз өңірлерден стартаптарды келесі он финалистке тартуға тырысамыз, - деп хабарлады Әділ Нұрғожин.


«QazTech Ventures» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Диас Бексолтан түсіндіргендей, соның арқасында өңірлердегі стартап-жобалар да жаһандық нарыққа шығуға мүмкіндік алады.


DAN07413.JPG


QazTech Ventures Astana Hub-пен бірлесіп келесі айдан бастап осы бағдарламаны танымал ету үшін өңірлерге шығуды бастайды. Біздің мақсатымыз - идеялары бар адамдарға оларды жүзеге асыруға көмектесу, - деп түйіндеді Диас Бексолтан.


DAN07448.JPG


Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «QazTech Ventures» АҚ-ның сингапурлық «Quest Ventures» қорымен ынтымақтастығы 2020 жылы наурызда, капиталы 50 миллион доллар болатын бірлескен қор құру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін басталды. Келісім шарттарға сәйкес, қор алдағы бес жылда Қазақстан мен Орталық Азиядағы перспективалық стартап-жобаларды қарастырады және қаржыландырады.