«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

2021 жылғы 19 шілдеде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының алтыншы облигациялық бағдарламасы (ISIN KZ2C00006666) шегінде облигация ұстаушылардың отырыссыз сырттай дауыс беру арқылы облигациялардың бірінші шығарылымын ұстаушылардың келесі күн тәртібі бойынша жалпы жиналысы өткізілетін болады:


«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының алтыншы облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымының проспектісіне (ISIN KZ2C00006666) өзгеріс енгізу туралы».


Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімі «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімінің негізінде оны өткізгенге дейін үш жұмыс күні бұрын жасалады.


Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен эмитенттің орналасқан жері бойынша танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а ғимараты, байланыс телефоны: 91-92-04, 91-91-80.


Жалпы жиналысқа қатысу сырттай дауыс беру бюллетенін ұстаушыларға эмитенттің ресми сайтында жиналыстың өткізілетіні туралы хабарламамен бір мезгілде жіберу арқылы жүзеге асырылады.


Сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетень 2021 жылғы 16 шілде сағат 19.00-ге дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мекенжайына Қазақстан Республикасы, Z05T2H3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а ғимараты, байланыс телефоны: 91-92-04, 91-91-80 жолдануы тиіс.


Жиналыстың қорытындысы қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурсында жарияланады.