ҚДБ перспективалы салалар мен тауарлық тауашаларды анықтау үшін машиналық оқыту алгоритмін іске асырды

Қазақстан экономикасы экспортты әртараптандыруды қажет етеді, алайда эмпирикалық фактілерге негізделген тиісті стратегияны әзірлеу құралдары жеткіліксіз. Басты «Қандай салалар мен тауарлық тауашаларды әртараптандыру керек?» деген сұрақ әлі күнге дейін ашық қалуда. 


«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) машиналық оқытудың іске асырылған алгоритмінің арқасында өндірісі мен экспорты елдің экспорттық қоржынын әртараптандыруға ықпал етуі мүмкін 50 әлеуетті перспективалы тауарлардың тізімін айқындады.


Экономикалық күрделілік индексі (Economic complexity index, ECI) белгілі бір елдің өндірістік құрылымының күрделілігін оның экспортының әртүрлілігі және оның өнімдерінің кеңдігі туралы ақпаратты біріктіру арқылы өлшейді. 2019 жылы Қазақстан ECI индексі бойынша әлемнің 151 елінің арасында 78-орынды иеленді, бұл ретте ТМД елдерінің арасында біз Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан елдерінен қалыс қалдық.


Қазақстанның экономикалық күрделілігінің төмен деңгейінің негізгі себебі оның әлсіз әртараптандырылған экспорттық себетімен түсіндіріледі, мұнда салыстырмалы артықшылығы анықталған өнімдер көп жағдайда шикізат тауарлары болып табылады. Бүгінгі таңда отандық экономика экспортты әртараптандыруды қажет етеді, алайда тиісті стратегияны әзірлеу құралдары әлі де жеткіліксіз болып қалуда. Бұл мәселені шешу үшін Даму Банкі перспективалы салалар мен тауарлық тауашаларды анықтау үшін машиналық оқыту алгоритмін енгізді. Оны іске асырудың арқасында өндірісі мен экспорты елдің экспорттық қоржынын әртараптандыруға ықпал етуі мүмкін 50 әлеуетті перспективалы тауарлардың тізімін анықтауға мүмкіндік туды.


Бұл алгоритмнің түйсігі қарапайым: алдымен алгоритм елдің қай тауарларда салыстырмалы артықшылықтары бар екенін қарастырады, содан кейін әлемнің барлық елдерінің экспорттық қоржынын талдау арқылы анықталғандарға жақын басқа тауарларды ұсынады.


Анықталған тауарлардың басым бөлігі өнеркәсіптік салалық құрылымға жатады - 16 бірлік, машиналар мен жабдықтар - 12 бірлік, химиялық заттар - 8 бірлік және тамақ өнімдері - 6 бірлік.


Анықталған 50 тауардың 43-інің өнімдік күрделілік индексінің оң мәні бар екенін атап өткен жөн (Product complexity index, PCI, индекстің мәндері шамамен -4-тен +4-ке дейінгі диапазонда орналасқан), бұл Қазақстанның экспорттық қоржынын әртараптандыру мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар оның күрделілігінің артуын да көрсетеді.


Алынған нәтижелер экономикалық күрделіліктің өсуі тұрғысынан Қазақстан экономикасы үшін машина жасау саласының тауарлары, атап айтқанда газ турбиналары, сорғылар мен сұйық көтергіштердің бөлшектері, арматура, бекіткіштер, темір жолдарға арналған жабдықтар, топырақты өңдеуге және қопсытуға арналған ауыл шаруашылығы машиналары, электр термиялық аспаптар, сұйық сорғылар мен көтергіштер, топырақты сұрыптауға, елеуге, бөлуге, жууға, ұсақтауға, ұнтақтауға, араластыруға немесе ысқылауға арналған машиналар неғұрлым перспективаны білдіретінін көрсетеді, арнайы мақсаттағы автомобильдер жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналмаған және құрылыс пен тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар.


Сондай-ақ, басқа санаттарға енгізілмеген металдан жасалған бұйымдар бойынша тауар позициялары әлеуетті перспективалы өнім тауашалары ретінде айқындалды: темірден немесе болаттан жасалған бұйымдар, шойыннан және болаттан жасалған конструкциялар мен конструкция элементтері (көпірлер секциялары, шлюз қақпалары, тіректер, шатырлар, есік және терезе рамалары, ағындар мен бағандар) және басқалар.


Бұдан басқа, жоғары күрделілік деңгейі бар перспективалы тауарларға мыналар сияқты өңдеу өнеркәсібінің тауарларын жатқызуға болады: гидравликалық трансмиссияларға арналған дайын сұйықтықтар және антифриз препараттары, өзге де пластмасса пластиналар, табақтар, пленкалар мен жолақтар, тоқыма маталар немесе сіңірмесі бар бұйымдар, мақта, сондай-ақ машиналарда немесе қондырғыларда пайдаланылатын маталар мен бұйымдар.


Алгоритмнің егжей-тегжейлі нәтижелері "Қазақстан Республикасының сыртқы саудасына шолу" талдамалық порталында "перспективалы салалар мен тауарлық тауашаларды айқындау жөніндегі Алгоритм" бөлімінде келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.kdb.kz/analytics/analytical-portal-foreign-trade-of-the-RK/        ол әрбір тауар бойынша егжей-тегжейлі талдау алуға мүмкіндік береді (тауардың өнімдік күрделілігі, кедендік баждарды қолдана отырып әлеуетті өткізу нарықтары және елдер арасындағы қашықтық бөлінісінде).


Мына жерден Сіз толық ақпаратты таба аласыз:


- экономикалық күрделілік индексі тұрғысынан әлем елдерінің экспорты бойынша;


- олар бойынша әлем елдерінің анықталған салыстырмалы артықшылығы бар тауарлар бойынша;


- олардың өндірісі Қазақстанның экспорттық қоржынын әртараптандыруға ықпал етуі мүмкін (өндірісі әлі жоқ немесе елде онша дамымаған) әлеуетті перспективалы 50 тауар туралы);


- әлеуетті тауарларға арналған потенциалды өткізу нарықтары, оның ішінде, тауарларға кедендік әкелу баждары және Қазақстан мен әлеуетті өткізу нарықтары арасындағы қашықтық туралы ақпарат;


- перспективалы тауарлар мен Қазақстан анықталған салыстырмалы артықшылығы бар тауарлар саудасы бойынша шетелдік экспорттық нарықтардағы бәсекелестік орта туралы.


Естеріңізге сала кетейік, Даму Банкі порталының мақсаты әлеуетті инвесторларға, бизнес-қоғамдастыққа, мемлекетке, ұлттық және халықаралық даму институттарына әлеуетті перспективалы салалар мен тауарлық тауашаларды айқындау бойынша қолжетімді әрі ыңғайлы құрал ұсыну болып табылады. Порталда жарияланған деректер Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі қазіргі уақытта жоқ немесе дамымаған қандай да бір тауарлардың өндірісін таңдауда негізгі рөл атқаруға қабілетті.


Қосымша, банктің ресми сайтында Талдау (зерттеулер мен жарияланымдар) бөлімінде алгоритмді іске асыру нәтижелері бойынша егжей-тегжейлі талдамалық есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады.