«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға тәуелсіз директор қажет

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:


Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор


Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) директорлар кеңесі


1. Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар


1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін Кандидат:


1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың ұйғарымына сәйкес келуі тиіс.


1.2. Қоғам қызметінің көлемі мен сипаты жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпараттың болуы, ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибесі мен ұсынудың алдындағы 2 жылдан кем емес кәсіби тәжірибесінің болуы, сондай-ақ мыналарды:


1) Қоғамға қатысты заңнама талаптарын;


2) Ұлттық және халықаралық нарықтарда бәсекелес ортаны түсінетінін танытуы тиіс.


1.3. Ұсынылған ақпаратты талдай және объективті бағалай білу және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең қатынас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз позицияны қалыптастыру. Өз пікірін білдіру және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілетіне ие болу.


1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму принциптерін білу.


1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие болу. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.


1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына тек директорлар Кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу үшін де қатысу үшін жеткілікті уақыт болуы тиіс.


1.7. Басқа компаниялардың 3 (үштен) артық Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмау.


1.8. Жыл сайын тәуелсіздікті растау рәсімін жүзеге асыру және тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияны хабардар ету.


2. Арнайы талаптар:


2.1. Тәуелсіз директорлар лауазымына үміткерлерге қойылатын арнайы талаптар - кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мамандар.


2.1.1. Жоғары білім, менеджмент/ қаржы/ құқық саласында қосымша білім.


2.1.2. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын білу.


2.1.3. Жалпы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл. Басшылық лауазымдардағы, орта бизнес ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.


2.1.4. Бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын және (немесе) сапалы және сұранысқа ие қызметтер ұсынатын, нарықта кемінде 5 жыл жұмыс істеген табысты компанияны (орта бизнесті) басынан бастап құру/жүргізу (меншік иесі/әріптес/басқарушы немесе атқарушы органның мүшесі/бірінші басшы ретінде) тәжірибесі болуы тиіс.


3. Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:


3.1. Мотивация («берудің» ішкі құндылығы және ерікті болуға дайын болу)


3.2. Компания қызметі аясындағы кәсіби құзыреттілік


3.3. Негізгі құзыреттер: әдептілік, топтық жұмыс, жауапкершілік, стратегиялық көзқарас, белсенділік


Жұмыс жағдайы:


Жалдау нысаны: келісім-шарт


Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер құжаттарды келесі электрондық поштаға жібереді: hrd@baiterek.gov.kz:


1) қоса берілген үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу туралы үміткердің өтініші;


2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


3) қоса беріліп отырған нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.


Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар назарға алынады:


1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;                                             


2) директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;


3) жұмыс тәжірибесі;


4) білімі, мамандығы, халықаралық сертификаттардың болуы;


5) бағыттар мен салалар бойынша (салалар активтер портфеліне байланысты өзгеруі мүмкін) кемінде 2 жыл құзыретінің/басшылық тәжірибесінің болуы);


6) іскерлік бедел;


7) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы;


8) «Сертификатталған директор» кәсіби сертификаттауының болуы (тәуелсіз директорлар үшін).


Директорлар кеңесіне кеңесіне мынадай тұлғалар сайлана алмайды:   


1) атқарушы органның басшысы, басқарушы органның мүшесі немесе компаниямен бәсекелес заңды тұлға қызметкері болып табылатын;


2) бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған;


3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотталуы өтелмеген немесе алынбаған;


4) мәжбүрлеп жою немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот болып танылған өзге заңдық тұлғаларды консервациялау туралы шешім қабылданатын күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде бұрын Директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның бірінші жетекшісі, бірінші жетекшінің орынбасары, өзге заңдық тұлғаның бас бухгалтері болса. Аталған талап мәжбүрлеп жою немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот болып танылған өзге заңдық тұлғаларды консервациялау туралы шешім қабылданатын күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;


Құжаттарды қабылдау мерзімі:


Хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.


Хабарландыруға қосымша