«Бәйтерек» холдингінде ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен кездесу өтті

Директорлар кеңесінің мүшелері - тәуелсіз директорлар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының мүшелері Холдинг компаниялары тобының стейкхолдерлерінің өкілдерімен, елдің ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.


Стратегиялық сессияны «Бәйтерек» холдингінің корпоративтік хатшысы қызметі Холдингтің корпоративтік басқаруын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізді.


DSC_0091.jpg


Кездесуде «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС, «Олжа Агро» ЖШС, КТ «Зенченко және Компания» компаниялар тобының басшылары, сондай-ақ Dinara Group қатысушыларға өз компанияларының қызметі туралы айтып берді.


Олар еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, сүтті қайта өңдеу, Астықты сақтау, ауыл шаруашылық өндірісі, ірі және ұсақ қара мал өсіру, «Бәйтерек» Холдингі арқылы көрсетілетін жемшөп өндірісін дамытуға бағытталған орасан зор мемлекеттік қолдауды ерекше атап өтті.


 DSC_0105.jpg


Холдингтің еншілес компаниялары көрсететін қаржылық қолдаудың арқасында «Олжа Агро» ЖШС жалпы құны 17,4 млрд теңге болатын екі жобаны іске асырды, «Dinara Group» қызмет спектрін кеңейтті және қаржыландыру сомасы шамамен 6,7 млрд теңгені құрады.


КТ «Зенченко және К» 2018-2021 жылдар аралығында құны 1,6 млрд теңге болатын 792 басқа дейін сүт-тауар фермасын құру және кеңейту, сондай-ақ қолданыстағы 1,5 млрд теңге тұратын 2 600 басқа да сүт-тауар фермасын кеңейту бойынша жобалар іске асырылды.


Стратегиялық сессия барысында ауыл шаруашылығы компанияларының басшылары сүт пен ет, дәнді және майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу, биомассадан электр энергиясын өндіру, суармалы алқаптарды ұлғайту, өнімді сақтау қуаттары салаларындағы жобаларды, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржылық қолдауын талап ететін техниканы сатып алу жөніндегі жобаларды таныстырды.


Сессия қатысушылары «Бәйтерек» холдингімен одан әрі ынтымақтастық жоспарларын талқылады.


DSC_0126.jpg