«Бәйтерек» холдингі ШОБ қолдау және тұрғын үйге кепілдік беру саласында корейлік әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуда

«Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚТК) басшылығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16-17 тамызда Корея Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде қазақстандық делегация құрамында Сеул қаласына барды.


Фото 2 (2).jpeg


Холдингтің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Қазақстан Президенті мен ірі корей компанияларының басшыларының қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.


Фото 3 (1).jpeg


Сонымен қатар, сапар барысында ҚТК серіктесі болып табылатын Корея Республикасының Тұрғын үйге кепілдік беру корпорациясының (KHUG), сондай-ақ «Даму» қорының серіктесі болып табылатын Корея шағын және орта кәсіпкерлік және стартаптар агенттігінің (KOSME) басшылығымен екіжақты кездесулер өтті.


Сапар шеңберінде «Бәйтерек» холдингі, ҚТК және KHUG арасында өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Тараптар тұрғын үй құрылысына үлестік салымдарға кепілдік беру жүйесін дамыту және бірлескен бастамаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және қолдауға ниетті.


 - Кореяның тұрғын үйге кепілдік беру корпорациясының бұл салада көп жылдық тәжірибесі бар екенін ескерсек, біз үшін бұл маңызды. KHUG-пен алғашқы меморандумға біздің қайта ұйымдастырылған еншілес ұйымымыз Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры 2018 жылы қол қойған. Енді бұл ынтымақтастық біздің Бірыңғай тұрғын үй құрылыс операторымызбен жалғасады, - деп хабарлады Айдар Әріпханов құжатқа қол қойғаннан кейін.


Фото 4 (1).jpeg


«Даму» қоры мен KOSME арасында да Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат мерзімі өткен жылы аяқталған 2016 жылғы ынтымақтастық туралы келісімдердің жаңартылуы болып табылады. Осы уақыт ішінде ШОБ қолдау саласындағы озық тәжірибені зерделеу және «Даму» қорының жұмысына табысты корей тетіктерін енгізу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.