Петропавлда жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы басталды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) тәулігіне 1 200 тоннаға дейін майлы дақылдарды қайта өңдеу қуаты бар жаңа май экстракциялық зауыт салу бойынша «Масло-Дел Петропавл» ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру үшін кредиттік желі ашты.


 


Жаңа экстракциялық зауытты іске қосу майлы дақылдарды қайта өңдеу, өсімдік майын, атап айтқанда зығыр және рапс майын, сондай-ақ ірі қара малға арналған жемді (күнжара) өндіру көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. 100% жобалық қуаттылыққа шыққан кезде кәсіпорын жылына 180-300 мың тонна майлы дақылдар тұқымын қайта өңдеуді жоспарлап отыр, бұл майлы тұқымдардың жылдық жалпы түсімінің 7,6-12,7%-ын құрайды.


 


Жоба толығымен экспортқа бағдарланған болып табылады, өсімдік майын іске асырудың негізгі бағыты Қытай, ал жемшөп экспорты үшін Еуропа, Ресей және Қытай таңдалды. «Масло-Дел Петропавл» ЖШС өкілдері зауытты 2023 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр, жалпы сыйымдылығы 58 мың тонна майлы дақылдарды бір мезгілде сақтау үшін жұмыс істеп тұрған меншікті астық сақтау қоймасының аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.


 


Фото 2.jpg


 


- Өндіріс барысында біз сыртқы нарықтарда сұранысты арттыру үшін суық сығу технологиясын пайдалануды жоспарлап отырмыз, өйткені жоба республиканың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған. Әлемдік стандарттарға сәйкес болу мақсатында өндірістік жабдық жетекші еуропалық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Сонымен қатар, кіріс шикізатының сапасын бақылауға арналған зертхана жаңа май экстракциялық зауыт өнімінің сипаттамаларын талдау үшін кеңейтілетін болады, - деп атап өтті «Масло-Дел» ЖШС директоры Павел Селиванов.


 


Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мыналарды қамтамасыз етеді: шикізат ресурстарына жақындығы, заманауи еуропалық жабдықтар мен жаңа технологияларды пайдалану, жоғары білікті кадрлардың болуы және ұқсас жобаларды іске асыруда компанияның көп жылдық тәжірибесі. Сонымен қатар, «Масло-Дел» ЖШС-нің майлы дақылдар тұқымдарын зауытпен бір алаңда сақтауға арналған жеке элеваторы бар, бұл өзіндік құнды айтарлықтай төмендетуге және май тұқымдарын неғұрлым қолайлы бағамен сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


 


Жобаның жалпы құны 15 млрд теңгені құрады, оның 73%-ы – 11 млрд теңге, оны ҚДБ 12 жыл мерзімге қарыз түрінде берді. Жоба "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Банктің кредиттік қаражаты іске қосу-реттеу жұмыстарын қоса алғанда, жабдықты сатып алуға және монтаждауға арналған.


 


Фото 3.jpg


 


- Масло-Дел» компаниялар тобы – біздің бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесіміз. Петропавлдағы жаңа зауытты қаржыландырудан басқа, ҚДБ кәсіпорынға 20 000 тонна өсімдік майын өндіру үшін май тұқымдарын сатып алу жобасы бойынша қолдауды жүзеге асырады. ҚДБ қолдауымен өндірілген май толық көлемде экспортқа, негізінен Қытайға жеткізіледі. «Масло-Дел» брендінің өсімдік майы O'live, Жайлау және т.б. сауда маркасымен сатылады. Біз Банк клиенттерінің бізге одан да өршіл жоспарларымен оралғанына қуаныштымыз, өйткені бұл біз ұсынатын қызметтердің тартымдылығын көрсетеді, - деді Басқарушы директор Әділ Исмагамбетов.


 


Зауытты іске қосу майлы дақылдар тұқымын өндіру бойынша көшбасшы болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысы үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Осылайша, кәсіпорынның әсерлі өңдеу қуатын ескере отырып, зауыт жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне күнбағыс, зығыр және рапс сияқты майлы дақылдарды себуді ұлғайтуға қосымша ынталандыру болады. Зауытты іске қосу қосымша 217 жұмыс орнын құруға, сондай-ақ өндіріс көлемін және өнім экспортын жылына 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өңірдегі өңдеу үлесін 30%-дан 60%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


 


Фото 4.png


 


«Масло-Дел» компаниясының экспорты бұлжытпай өсуде: 2015 жылы өнім экспорты 2,44 млрд теңгені, 2020 жылы – 10,16 млрд теңгені, 2021 жылғы қаңтар-тамызда-11,48 млрд теңгені құрады. 2015 жылдан бастап экспорт 5 еседен астам өсті, ал зауыт іске қосылғаннан кейін экспорт қазіргі деңгеймен салыстырғанда тағы 2 есе өседі. Өндіріс көлемінің ұлғаюы бюджетке салық түсімдеріне де оң әсер етеді, жылына шамамен 1,2 млрд. күтілуде.