«Бәйтерек» холдингі құрылыс саласын қолдау үшін әкімдік облигацияларын сатып алды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы KASE алаңында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің 175 млрд теңгеге облигацияларын сатып алды. 


 


Бұл қадам дағдарыс жағдайында құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылды. 


 


Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңгені құрайды. Жылдық 4,25% купондық ставкасы бар борыштық қағаздар 22 ай мерзімге шығарылды. 


 


Бұған дейін хабарланғандай, "Бәйтерек" холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында аталған қаражатты тарту жұмыстарын аяқтауда. Бұл қаражатқа елдің барлық өңірлерінде қосымша 16 мыңнан астам пәтер салынатын болады.