"Бәйтерек" холдингі жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру үшін облигациялық қарыз тартты

Ағымдағы жылдың 25 маусымында" Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ-нан (ҚР Ұлттық банкінің еншілес құрылымы) облигациялық қарыз тартты.


 


Жалпы көлемі 200 млрд теңге қарыз жұмыспен қамту 2020 жол картасын жүзеге асыру аясында тартылды. Бұл қаражат "Бәйтерек девелопмент"АҚ арқылы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің облигацияларын сатып алуға бағытталған.


 


Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру кәсіпкерлікті қолдаудың және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді шарасы болып табылады және 200 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.