"Даму" Қоры мен БҰҰДБ ЖЭК саласында жаңа келісім жасасты

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы - "ДАМУ" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда ЖЭК жобаларын (жаңартылатын энергия көздері) дамытуға ынталандыруға және ықпал етуге бағытталған "ЖЭК жобаларына инвестициялау тәуекелдерін төмендету" жобасы шеңберінде жаңа келісімге қол қойды.


 


Осы Келісім шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай қаржылық тетіктерді қолдану арқылы ЖЭК жобаларын іске асыруға қаржылық қолдау көрсетілетін болады:



  • БҰҰДБ жобасымен кредит бойынша сыйақы ставкасын 10 пайыздық субсидиялау;

  • БҰҰДБ жобасымен негізгі кредиттің бөлігін 25 пайызға дейін субсидиялау;

  • ЖЭК жобаларын қаржыландыру мақсатында "жасыл" облигациялар шығару.


 


Жоғарыда көрсетілген тетіктердің бірін іске асыру мақсатында бүгінгі күні "Даму" Қоры "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасында "жасыл" облигациялар шығару мүмкіндігін қарастыруда.


 


"Даму" Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаеваның айтуынша, экологиялық мәселелерді шешуге бірқатар мемлекеттік саясат, стратегиялар мен бағдарламалар бағытталған.


 


"Даму" қоры мемлекеттік қаржы институты ретінде өзінің тұрақты даму саясаты шеңберінде "жасыл" қаржыландыру стратегиясын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын. БҰҰДБ - мен табысты ынтымақтастық ШОК субъектілері арасында ЖЭК жобаларына инвестициялауды ынталандыруға бағытталған күш-жігерге жаңа серпін береді және мемлекет алға қойған міндеттерді тиімді шешуге қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз, - деп атап өтті Гаухар Бөрібаева.


 


Айта кету керек, бұл "Даму" Қоры мен БҰҰДБ арасындағы алғашқы келісім емес. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қатысуымен "Даму" Қоры БҰҰДБ "Қазақстандағы Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар"жобасы аясында атмосфераға СО2 парниктік газдарының шығарындыларын азайтуға бағытталған бизнес-бастамаларды қаржылай қолдау моделін іске қосты.


 


"Даму" Қорымен бірге біз қазірдің өзінде 10 миллион доллардан астам сомаға тұрғын үй ғимараттарының энергия тиімділігі саласындағы 37 жасыл жобаны қолдадық. Алдыңғы табысты тәжірибеге сүйене отырып, біз жасыл жобаларды қаржылық қолдаудың тағы бір бірлескен тетігін іске қосамыз – бұл жолы жаңартылатын энергия көздері саласында. Біз осы қолдау шарасы күн, жел станцияларын және басқа да ЖЭК технологияларын орнатқан жеке компаниялардың үлесін арттыруға үміттенеміз, - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты даму департаментінің басшысы Арман Кашкинбеков.


 


БҰҰДБ мен "Даму" қорының бірлескен бастамасы Қазақстанның Париж келісімі шеңберінде алған міндеттемелерін орындауына, сондай-ақ орнықты даму мақсаттары бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ықпал ететін болады.


 


"Даму" Қорының кәсіпкерлікті қолдау орталығының мобильді тобы сәуір айының 10-нан бастап Атырау облысы аудандарын аралап, тұрғындарға қызмет көрсету үшін жолға шығатынын хабарлайды. damu.kz немесе 1408 бірыңғай сall-орталығына қоңырау шалып.