Айгүл Ешмағамбетова "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының баспасөз хатшылары үшін вебинар-тренинг өткізді

"Global PR" коммуникациялық агенттігінің директоры, кеңесші Айгүл Ешмағамбетова "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының баспасөз хатшылары үшін "Қазақ тілді аудиториямен өзара іс-қимыл" тақырыбында вебинар-тренинг өткізді.


 


А. Ешмағамбетованың мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерінде үлкен тәжірибесі бар және PR саласындағы екі тілді маман болып табылады. Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрінің баспасөз хатшысы болды. Вебинарға қатысушылар үшін А. Ешмағамбетова қазақ тілді БАҚ жұмысының ерекшеліктеріне талдау жасады, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор баспасөз қызметінің жұмысында міндетті болуы тиіс ұсыныстармен бөлісті.


 


Айта кетейік, "Бәйтерек" холдингіне ірі, орта және шағын бизнесті, тұрғын үй құрылысын, венчурлық капиталды, елдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін дамытумен айналысатын 11 еншілес компания кіреді.