«Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогы» балалар шахмат турнирі өтеді

"Бәйтерек" холдингі, Дәрмен Сәдуақасов Шахмат академиясы және "Bolashaq" Қауымдастығы жедел шахмат бойынша Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы онлайн-турнирін өткізетінін жариялайды.


 


Іс – шараның басты міндеті - халықаралық карантин және жабық шекара кезеңінде сапалы турнирлік практикаға мұқтаж дарынды қазақстандық балалар мен жасөспірімдерді қолдау.


 


Жарыс 2002-2005, 2006-2009 ж.т., сондай-ақ 2010 ж. т. және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында өткізіледі. Жүлде қоры 2,6 млн теңгені құрайды.


 


Турнир 2020 жылғы 28-30 тамызда lichess.org. ойын платформасында өтеді. Ойын форматы швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Уақытты бақылау - әр қатысушыға партияның соңына дейін 15 минут + 10 секунд.


 


Тіркеу мерзімі - 2020 жылғы 24 тамыз күні Нұр-сұлтан уақытымен 18:00-ге дейін. Өтінімдер dscup2020@gmail.com электрондық поштасында жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен және ұялы телефон нөмірімен бірге қабылданады.


 


Тіркеу, төрешілік, жүлделерді бөлу және античитерлік комиссияның жұмысы туралы толық ақпаратты жарыс ережесінен оқыңыз.