Праймериз-2020 үміткерлері "Бәйтерек" Холдингінде үгіт-насихат жүргізді»

Праймеризге үміткерлер өздерінің сайлау науқанын белсенді бастады. Олар сайлаушылармен осындай кездесуді "Бәйтерек" Холдингінде бастауыш партия ұйымында өткізді.


Үміткерлер бизнесті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және т.б. баса назар аударған өз бағдарламаларын ұсынды.


foto_3.jpeg


Естеріңізге сала кетейік, праймериз – барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, партия органдары мен оның филиалдарына, мемлекеттік органдарға қызметке ұсыну үшін кандидаттарды алдын ала партияішілік іріктеу.


 Қазақстан тарихында алғаш рет "Nur Otan" партиясының праймериздері жалпыреспубликалық партия ішіндегі сайлау ауқымында өтуде. 17 тамыздан бастап кандидаттарды ұсыну және тіркеу басталды. Қазіргі уақытта олар үгіт-насихат жүргізуде.