«Бәйтерек» холдингінен қолдау алған экспорттаушылардың каталогы жарияланды

"Бәйтерек"холдингінің қолдауына ие болған қазақстандық экспорттаушылардың каталогы жарияланды.


Құжатты Холдингтің еншілес ұйымдарының: "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және Қазақстанның Даму банкінің мамандары дайындады.


Каталогта 234 отандық экспорттаушы, олар алған мемлекеттік қолдау түрлері және экспорт географиясы туралы мәліметтер бар. Ыңғайлы болу үшін тізім кәсіпорындар тіркелген Қазақстан облыстары бойынша бөлінген.


Каталогтың интерактивті нұсқасы сілтеме арқылы көре аласыз: «Бәйтерек» холдингінен қолдау алған экспорттаушылардың каталогы