«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының баспасөз хатшылары үшін Вебинар-тренинг өтті

Black & White креативті директоры Николай Энелане мен AVG Company дамыту жөніндегі директоры Руслан Рахымжан "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының баспасөз хатшыларына арналған вебинар-тренинг өткізді.


 


Медиатренерлер ағымдағы жылдың бедел тәуекелдері, қазақстандық қоғамның көңіл-күйі қалай өзгергені, популизмге әлемдік сән Қазақстанға қалай келгені, неліктен фейктер баламалы ақиқатты тез құруы мүмкін екендігі және онымен қалай күресу керектігі туралы айтып берді.


 


Тренинг барысында мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда пайда болған нақты кейстер талқыланды.