Қазақстанда герман бизнесінің қандай артықшылықтары бар

Пандемиядан кейінгі жағдайда қазақстандық және неміс бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер екі елдің Іскерлік кеңесінің 12-ші отырысында талқыланды.


 


 


 


Нұр-Сұлтанда өткен кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Қазақстан-Герман Іскерлік кеңесі тең төрағасының орынбасары, «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, екі елдің ұлттық компаниялары мен бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері, елшілер қатысты. 


Қазақстанда герман бизнесінің қандай артықшылықтары бар


Өзінің құттықтау сөзінде Роман Скляр талқыланған тақырыптардың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанға инвестиция салатын неміс бизнесінің мүмкіндіктері туралы айтты.


 


 


 


- Қазақстан энергетикада, "Жасыл" экономика жобаларында, ауыл шаруашылығында (200 млн га, жан басына шаққанда егістік бойынша әлемде 2-ші орын), машина жасауда және өңдеуші өнеркәсіптің басқа да бағыттарында, денсаулық сақтауда және бүгін талқыланатын басқа да бағыттар бойынша перспективалы жобаларды іске асыру үшін Германия инвесторларына кең мүмкіндіктер ұсынуға дайын. Біз барлық жаңа бастамалар мен ұсыныстарға ашықпыз– деді Роман Скляр.


 


 


 


Айдар Әріпханов өз кезегінде Қазақстан сирек кездесетін металдар кен орындары бойынша әлемде жетекші орын алатынын және Шығыс Сібір мен Үндістанның минералды ресурстарға бай өңірлеріне географиялық жақын орналасқанын айтты. Бұдан басқа, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы тауарлардың, капиталдың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.


 


 


 


- Бұл артықшылықтар цифрландыру және "жасыл энергетикаға" көшу бойынша жоспарларды іске асыру тұрғысынан Германияның қызығушылығын тудыруы мүмкін. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласында Азиядағы екінші Герман құзыреттілік орталығының жұмысын ұйымдастыру орынды болады. Бұл тұрғыда Қазақстан тарапының бастамасын Герман экономикасының Шығыс комитеті мен ГФР Сауда-өнеркәсіп және сыртқы сауда палаталарының Федералдық бірлестігі қолдады, - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің басшысы.


 


 


 


Германия экономикасы шығыс комитетінің бас басқарушы директоры Михаэль Хармс Германия келешекте Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге мүдделі болатын салаларды атап өтті. Атап айтқанда, ол ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігін құруды қолдады.


 


 


- Президент Тоқаев біздің тығыз ынтымақтастығымыз үшін көптеген тақырыптар бар Қазақстандағы экономикалық реформалардың әсерлі жоспарын айтты. Бұл салықтық және кедендік әкімшілендіру, шағын және орта бизнестің рөлі, өңірлік ынтымақтастық, "Жасыл" экономика, индустриялық саясат туралы заң мәселелеріне қатысты... Біз өткен жылы Экономика министрлігімен индустриялық стратегия әзірлеп, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз, – деді Михаэль Хармс.


 


 


 


Ол Қазақстанның банк секторындағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытты, оның пікірінше, ол Германияға қарағанда цифрландырылған.


 


 


Бұдан әрі Германияның Knauf AG, Herrenknecht AG, SAP, Siemens Energy AG және CLAAS Global Sales GmbH сияқты ірі бизнес өкілдері өз идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті, олар Қазақстанмен біліктілікті арттыруды қоса алғанда, түрлі салаларда ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.