"Бәйтерек" холдингінде "қаржы қызметінің үздіктері" марапатталды

Ұлттық валюта күні қарсаңында "Бәйтерек" холдингі мен оның "Қазына Капитал Менеджмент" еншілес ұйымының қызметкерлері - Аспандияр Ысқақов пен Раухан Құттыбаева "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Марапаттарды Холдингтің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов табыс етті.


15 қарашада еліміз ұлттық валютамыздың 27 жылдығын атап өтеді. Дәл осы күні теңге айналымға еніп, бүгінде Қазақстанның танылған брендіне айналған. Сондай-ақ, бұл күні қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ел Үкіметінің басты институты ретінде «Бәйтерек» холдингі үшін бұл атаулы күннің мәні өте зор. Біз барлық стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға табысты қатысамыз, бизнесті және Қолжетімді тұрғын үй құрылысын қолдаймыз, сол арқылы Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге тікелей және жанама түрде үлкен үлес қосамыз, - деді Айдар Әріпханов өзінің құттықтау сөзінде.


«Бәйтерек» холдингінің басшысы қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, жоғары жетістіктер мен отбасыларына амандық тіледі.


Аспандияр Искаков – «Бәйтерек» холдингінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас менеджері. Қаржы саласында ол 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді, ал соңғы 5 жыл «Бәйтерек» холдингінде жұмыс істейді.


Раухан Құттыбаева – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаментінің директоры-бас бухгалтері. Ол 30 жылдан астам уақытын еліміздегі қаржы саласын дамытуға арнаған, ал Холдинг құрылымында жұмыс істегеніне алты жыл болды.


«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі Қазақстан Республикасының қаржы органдарында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген қаржы жүйесінің қызметкерлеріне « лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбек қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін»  беріледі.