Құпиялылық саясаты және шарттар

Құпиялылық саясаты және төменде сипатталған шарттар Digital Baiterek порталын, соның ішінде мобильді қосымшаны пайдалану шарттарының бөлігі болып табылады.

Сіз туралы дербес ақпарат: Сіздің ТАӘ, ЖСН, БИН, электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірін немесе Сіздің жеке басыңызды сәйкестендіретін өзге ақпаратты қамтуы мүмкін. Порталға қатысу Сізден тіркеуді және дербес ақпаратты беруді талап етпейді.

Сіз туралы барлық дербес ақпарат тек тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланылады. Порталды пайдаланған кезде Сіз осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келісесіз.

Порталда дербес деректерді ұсыну беру ерікті болып табылады. Оларды беріп, Сіз порталға қызметтерді алу үшін ақпаратты пайдалануға рұқсат етесіз. Бірақ белгілі бір ақпаратты бермеу, Сіз алуға ниет білдірген қызметті көрсету үшін кедергі жасауы мүмкін немесе қызмет көрсетуден бас тартылады.

Егер Сіз веб-нысанды толтыру немесе электрондық хатты жіберу немесе қызметтерге өтінім беру, сияқты әдістерді пайдаланып, Порталға дербес деректерді беруді шешсеңіз, ақпарат Сізге Сіз сұраған ақпаратты немесе қызметті ұсыну үшін, немесе Сіздің хабарламаңызға жауап беру үшін пайдаланылатын болады. Сіздің сұрау салуларыңызды қанағаттандыру үшін қажетті деректер басқа мемлекеттік мекемелерге берілуі мүмкін. Осындай тұлғалардың нақты мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға құқығы болған жағдайларды қоспағанда, Сіздің дербес деректеріңіз мемлекеттік емес ұйымдарға берілмейді.