Жеке салушыларға берілетін ЕДБ несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

ЕДБ жеке құрылысшыларға ҚР Ұлттық Банкі бекіткен бастапқы мөлшерлеме дәрежесінен 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен несие береді. (ҚРҰБ-ң бастапқы мөлшерлемесі 0,5%+ 5% ЕДБ маржасы, нәтижесінде қазіргі уақытта %-дық мөлшерлеме 15,5%-ды құрайды).

"Даму қоры" АҚ жеке құрылысшылар несиелерінің 7%-н субсидиялайды. Несиенің 8,5% мөлшеріндегі жылдық номиналдық пайызын жеке құрылысшы төлейді.

Максималды түрде субсидия ұзартусыз 36 айға беріледі.
Несие валютасы – теңге.

Субсидия өз кәсібін салынған үйлерді қайта жаңғырту және қайта жаңартудан басқа, ОКЭД коды "41.20.1 Тұрғын үй құрылысы" кәсіп саласына сәйкес жүргізетін несие алушылардың жаңа несиелеріне беріледі.

Аталған бағдарламаның негізгі шарттары: Несие алушы салынған үйдің 50%-дан кем емес бөлігін Қазақстан ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі АҚ-ның үлескерлеріне ұсынуы тиіс, таза бөліктің 1 шаршы метріне бекітілген бағамен:
- Астана, Алматы және осы қалаларға жатқызылатын аймақтарда 260 мың теңгеге дейін;
- басқа аймақтарда 220 мың теңгеге дейін.

Өтінімді қарау мерзімі : 21 жұмыс күні