«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы инвестициялық тұрғын үй жобаларын қаржыландыру

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй құрылысының жобаларын қарауға өтінімдер қабылдайды. Жобаларды қаржыландыру компанияның өз қаражаттары есебінен немесе халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыз есебінен жүзеге асырылатын болады.
Кредиттік ресурстар компанияның әлеуетті әріптестеріне шарттастырылған қаржыландыру механизмдері арқылы беріледі. Жобаларды тиімді іске асыру үшін компания екінші деңгейдегі бес банк: АТФ Банк, Еуразиялық Банк, Цесна Банк, Ресей Жинақбанкі және Банк ЦентрКредит-пен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты.
Шарттастырылған депозит — бұл екінші деңгейдегі банкке қайтарымдылық шарттарымен орналастырылатын, отандық құрылыс салушы компанияларды және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларына тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған мақсатты банк салымы.
Әдеттегі кредиттерден ұсынылатын механизм құрылыс салушыларға неғұрлым тиімді шартты – қарыздық 5%-бен алу мүмкіндігін ұсынуымен ерекшеленеді. Депозитті орналастыру мерзімі – 24 айдан аспайды. Аталған мерзім ішінде объектілердің құрылысын аяқтау және оларды пайдалануға енгізу қажет.
Тұрғын үй құрылысының жобаларын қаржыландыру шарттары объектілердің құрылысы аяқталғаннан және олар пайдалануға енгізілгеннен кейін тұрғын үй-жайларын бизнес-әріптестер «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на орналастырылған салым сомасына қайтаруын көздейді.
Инвестициялық өтінімдерді беру және қарау digital.baiterek.gov.kz онлайн-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімді қарау мерзімі : 10 жұмыс күні

Қызмет бойынша құжаттама