ЭКСПО аумағында КТК-гі жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу


«Бәйтерек девелопмент» АҚ

2019 жылғы «16» қазан

Құрметті өтініш берушілер!
«Бәйтерек девелопмент» АҚ сату сайтында (https://expo.baiterek.gov.kz/) екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) қарыз қаражатын тарту тетігі бойынша тұрғын үй сатып алуға өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 16 қазаннан бастап (сағат 16-00-де) 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭКСПО-2017» аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде мүлікті сату мынадай тетіктердің бірі бойынша жүзеге асырылады:
1) өз қаражаты есебінен мүлікті сату;
2) кредитті (ипотеканы) тарта отырып, мүлікті сату;
3) бөліп төлеу арқылы мүлікті сату.
2019 жылғы 15 маусым мен 16 қазан аралығында ЕДБ қарыз қаражатын тарту есебінен тұрғын үй сатып алуға берілген 668 өтінімнің тек екеуі ғана сатылды. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікті бөліп төлеу арқылы сатып алуға келіп түскен 2 326 өтінімнің 839-ы сатылды, бұл халық арасында ұсынылған тетік бойынша тұрғын үй сатып алудың қолжетімділігі мен тартымдылығын көрсетіп отыр.
Бөліп төлеу тетігі арқылы тұрғын үй алуға сұраныстың жоғары болуын ескере отырып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ уәкілетті органы ЕДБ кредит қаражатын тарту тетігі бойынша мүлікті сатып алуға өтінімдер қабылдауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл шара әлеуетті сатып алушылардың көбіне бөліп төлеу тетігі арқылы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.
ЕДБ-нің қарыз қаражатын тарту тетігі бойынша 2019 жылғы 16 қазанға дейін қабылданған өтінімдерді «Бәйтерек девелопмент» АҚ бұрын бекітілген тұрғын үйді сату шарттары бойынша қарастыратын болады.
ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен тұрғын үй сатып алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Call-орталыққа 8 800-080-01-01 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз (жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс күндері 9-00-ден 15-00-ге дейін).


2019 жылғы «22» тамыз
Құрметті өтініш берушілер!
«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылғы 22 тамыздан бастап ЭКСПО халықаралық көрмесінің аумағында бұрын сатуға қойылған тұрғын үйлерге қосымша Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 60 а үй, 7, 9, 12 корпуста орналасқан 74 пәтер сатуға шығарылатынын хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген пәтерлер брондалып, коммерциялық емес заңды тұлғаға сатуға арналған болатын. Заңды тұлғаның пәтер сатып алудан бас тартуына байланысты оларды жеке тұлғаларға сату туралы шешім қабылданды. Жеке тұлғаларға тұрғын үйді сату шарттары өзгеріссіз қалады.
ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен тұрғын үй сатып алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Call-орталыққа 8 800-080-01-01 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз (жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс күндері 9-00-ден 15-00-ге дейін).


2019 жылғы «7» тамыз
Құрметті өтініш берушілер!
«Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылғы 8 тамыздан бастап https://expo.baiterek.gov.kz/ сату сайтында «ЕДБ қарыз қаражатын тарту» тетігі бойынша тұрғын үйді сату шарттары өзгеретінін хабарлайды.
Бұрын сатып алушы ЕДБ қарыз қаражатын тарту арқылы бірнеше пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болған. 2019 жылғы 15 маусым мен 7 тамыз аралығында ЕДБ қарыз қаражатын тарту есебінен тұрғын үй сатып алуға берілген 380 өтінімнің тек екеуі ғана сатылды. Сонымен қатар, бөліп төлеу арқылы тұрғын үй сатып алуға берілген 1 899 өтінімнің 623-імен сатып алу-сату шарты жасалды. 251 өтінім «Бәйтерек девелопмент» АҚ қарауында, оның ішінде 89 өтінім ЕДБ қарыз қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға берілген. Бұл ретте, 25 өтініш беруші 2 және одан да көп пәтерді броньдап, бірақ сатып алу үшін ешқандай әрекет жасамай отыр.
Барлық әлеуетті сатып алушылар үшін бірдей жағдай жасау мақсатында «Бәйтерек девелопмент» АҚ сату шарттарына өзгерістер енгізді, онда ЕДБ қарыз қаражатын тарту есебінен бір сатып алушының тек бір ғана пәтер сатып алуы көзделген.
ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен тұрғын үй сатып алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Call-орталыққа 8 800-080-01-01 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз (жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс күндері 9-00-ден 15-00-ге дейін).


2019 жылғы 26 маусым
ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді сатып алушылардың назарына
«Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО аумағында көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді таңдау және брондау тегін жүзеге асырылатынын және https://expo.baiterek.gov.kz/ сайтында барлығына онлайн-режимде қолжетімді екенін хабарлайды. Броньдау рәсімі кезінде төлем қабілеттілігін бағалау жалғыз ақылы қызмет болып табылады, құны 5 мың теңгені құрайды, оны «Бәйтерек девелопмент» АҚ шотына төлеу қажет.
ЭКСПО аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған барлық өтінімдер бірегей және ЖСН мен аты-жөні бойынша белгілі бір өтінім берушіге тіркелген, кейіннен онымен бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шарты жасалатын болады. Броньды басқа тұлғаға қайта ресімдеуге болмайды! Өтініш беруші өзі таңдаған пәтерді сатып алудан бас тартқан жағдайда, ол https://expo.baiterek.gov.kz/ сайтында онлайн брондау үшін қолжетімді тізімге қайта енеді.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ жылжымайтын мүлікті сату кезінде делдалдармен және/немесе риэлторлық ұйымдармен өзара әрекет етпейтінін хабарлайды. Қазіргі уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ЭКСПО аумағында көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алу бойынша ақылы қызмет көрсету туралы хабарландырулар таратылуда, осыған байланысты «Бәйтерек девелопмент» АҚ осы хабарландырулардың барлығы үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттердің көрінісі болып табылатынын ескертеді.
Алаяқтық оқиғаларына жол бермеу үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ азаматтарды абай болуға және ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлікті броньдау және сатып алу үшін бөгде тұлғалардың қызметіне жүгінбеуге шақырады. Төлем қабілеттілігін тексеру үшін төленетін және жылжымайтын мүлікті сатып алатын ақшаны сатып алушылар «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның ресми хабарламаларда көрсетілген банктік шотына аударады.
Барлық әлеуетті өтініш берушілерден компанияның ресми сайтында (http://baiterekdevelopment.kz/ru/exporesidence/) орналастырылған ЭКСПО аумағындағы көп пәтерлі тұрғын үйдегі жылжымайтын мүлікті сату шарттарымен және тәртібімен мұқият танысуды сұраймыз. Өтінімге қоса тіркелуі қажет құжаттар тізбесіне ерекше назар аудару қажет және өтінім берер алдында төлемді бөліп төлеу калькуляторы (https://expo.baiterek.gov.kz/ru/calculator) арқылы өзінің қаржылық мүмкіндіктерін алдын ала бағалаған дұрыс.
2019 жылғы 15 маусымнан бастап өтінімдерді дұрыс ресімдемеу, төлем жүргізбеу төлем қабілеттілігін растамау, сондай-ақ өтініш берушілердің өз еркімен бас тарту себептері бойынша https://expo.baiterek.gov.kz/ сайтында 526 пәтер қайтарылды, оларға әлеуетті сатып алушылар қайта өтінім берді. Бүгінгі таңда сатып алушылардың 425 өтінімі бойынша төлем қабілеттілігі расталды және 485-і қаралуда.
ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен тұрғын үй сатып алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Call-орталыққа 8 800-080-01-01 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз (жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс күндері 9-00-ден 15-00-ге дейін).

Жылжымайтын мүлік объектілерін сату тетігі
ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен пәтер мен машина орнын кез келген адам былайша сатып ала алады:
жеке қаражаты есебінен сатып алу;
екінші деңгейдегі банктерден қарыз қаражатын тарту арқылы сатып алу;
тұрғын үй құнының кемінде 20% мөлшерінде бастапқы жарна төлей отырып, жылдық 3% мөлшерлемемен, 12 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу арқылы сатып алу. Бөліп төлеу арқылы тек 1 пәтер сатып алуға болады. Машина орындары бөліп төлеу арқылы сатылмайды. Бөліп төлеу мерзімі өтініш беруші 70 жасқа толғанға дейін.

Жылжымайтын мүлікті сату шарттарымен және тәртібімен, сондай-ақ өтінім берудің электрондық жүйесін пайдалану нұсқаулығымен толығырақ мына жерде танысуға болады:
«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның ЭКСПО-2017 аумағындағы көппәтерлі кешендегі жылжымайтын мүлік объектілерін сату тәртібі
«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның ЭКСПО-2017 аумағындағы көп пәтерлі кешендегі жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға өтінімдер беру үшін «Digital Baiterek» электрондық жүйесін пайдалану нұсқаулығы.

Қызмет бойынша құжаттама