«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ сатылымға шығарылды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің еншілес ұйымы - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (ҚИҚ) жекешелендіруге шығарды.


Холдинг Фондтың өзіне тиесілі 100% жай акцияларын («Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген) Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде сатады.


Сауда-саттық «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ порталында өтеді (gosreestr.kz). Толығырақ ақпарат көрсетілген порталда орналастырылған. Сауда-саттық күні (бағаны көтеру үшін аукцион) – 2021 жылғы 17 тамыз.


ҚИҚ стресті активтерді іске қосу және өндірістік объектілерге салынған мемлекеттік қаражатты кейіннен қайтару жолымен экономикалық айналымға тартумен айналысатындығын айта кетеміз.


Байланыстар: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к-сі, 55А ғимараты.


Тел.: 8 (7172) 91-91-98, 8 (7172) 27-04-16, сағ. 9-30-дан 19-00-ге дейін.


E-mail: zh.zhussupbekova@baiterek.gov.kz.