«Бәйтерек» холдингі Қазақстан халқы тілдері күніне орай челлендж өткізді

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ана тілім – қазынам» атты өлеңдер челленджі аяқталды.


Іс-шараны «Бәйтерек» холдингі Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырды. Челленджді Қадыр Мырза Әлидің «Ана тілің – арың бұл» өлеңімен Холдинг Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов және Дихан Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен Холдингтің Аппарат басшысы Дина Акрачкова бастады.


Эстафетаны «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары - Қазақстанның Даму БанкіАграрлық несие корпорациясы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорыҚазақстандық Тұрғын үй КомпаниясыҚазАгроҚаржыҚазына Капитал МенеджментҚазақстанның инвестициялық қорыKazakhExport және Отбасы банк жалғастырды. Челленджді Өнеркәсіпті дамыту қоры аяқтады. Олардың бейнероликтерін «Бәйтерек» холдингінің YouTube-арнасынан көруге болады.


Тілдер күніне арналған эстафетаны Қазақстан бойынша еншілес ұйымдардың филиалдары да жалғастырып жатқанын атап өтеміз.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы тілдері күні ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 5 қыркүйекте атап өтіледі, ол ағартушы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен орайластырылған. Бүгінде, бұл атаулы күн Қазақстандағы халықтардың тілдері ұлықталатын мереке ғана емес, сондай-ақ елдегі ұлтаралық келісім мен рухани ынтымақтастықтың символына айналып отыр.