«Бәйтерек» холдингі 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру аясында 100 млрд теңге тартты

2021 жылғы 27 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру шеңберінде жалпы көлемі 100 млрд теңге көлемінде облигациялық қарыз тартты.


Тартылған қаражат бағдарламаның жаңа бағыттары бойынша Холдингтің еншілес ұйымдарын қаржыландыруға бағытталған:


- Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылымды дамытуға «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жергілікті атқарушы органдарды қаржыландыруға 50 млрд теңге;


- Холдингтің еншілес ұйымдары арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын қаржыландыруға 50 млрд.теңге:


- «Қазақстанның даму банкі» АҚ – 32,2 млрд теңге;


- «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – 12,8 млрд теңге;


- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – 5 млрд.


Холдинг 2020 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында өңірлерді дамыту мақсатында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жергілікті атқарушы органдарды жалпы сомасы 700 млрд теңгеге қаржыландырды.