«Бәйтерек» Холдингі ҚР Ұлттық қорын жекешелендіруден алынған 10,6 млрд теңгеге толықтырды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бұрынғы еншілес ұйымы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ны Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бәсекелестік ортаға беруден түскен қаражаттың жіберілгені туралы хабарлайды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау үшін Холдинг ҚИҚ акцияларының жүз пайызын өткізу жолымен ҚИҚ-ты бәсекелес ортаға беру жөніндегі іс-шараларды аяқтады.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы №323 қаулысын орындау үшін Холдинг активін бәсекелес ортаға беруден 2021 жылғы 27 қазанда 10 602 471 183 теңге мөлшерінде барлық қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылды.