«Бәйтерек» холдингі Электрондық үкімет порталында интернет-конференция өткізді

Сәрсенбі, 27 қазан күні электрондық үкіметтің «Ашық диалог» порталында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Тимур Жанкенің интернет-конференциясы өтті.


Пайдаланушылар ЭЦҚ көмегімен үш сағат ішінде «Отбасы Банк» АҚ және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ еншілес ұйымдарының қызметі мен өнімдеріне қатысты сұрақтарын қоя алды. Барлық сұрақтарға жедел жауап берілді.


Сонымен қатар, "Бәйтерек" холдингінің сайтында "Сұрақ-жауап" бөлімі тұрақты жұмыс істейтінін хабарлаймыз (https://baiterek.gov.kz/ru/qa/) онда кез келген ниет білдіруші Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметіне, іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шараларына қатысты өз сұрағын қалдыра алады. Ол үшін ЭЦҚ қажет емес, кері байланыс үшін телефон нөмірі мен электрондық пошта мекен жайын енгізу жеткілікті. 2021 жылдың басынан бері Холдингтің сайтына 206 сұрақ келіп түсті, оларға уақытылы жауаптар берілді.


Сонымен қатар, «Ашық диалог» порталындағы (https://dialog.egov.kz/blogs/2326528/welcome) Холдинг Басқармасының Төрағасы Айдар Арифхановтың жеке блогына сауалдарыңызды тікелей жолдай аласыз. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап блогқа 49 өтініш түсіп, олар заңнамада көзделген мерзімдерде қаралды.