«Бәйтерек» холдингі «Ашық диалог» порталында сауалнаманы іске қосты

«Бәйтерек» холдингі электронды үкіметтің «Ашық диалог» порталында қазақстандықтардың Холдингпен және оның еншілес ұйымдарымен өзара әрекеттестігі туралы сауалнаманы іске қосты.


Алты сұрақтан тұратын сауалнама 8 қарашада басталып, 18 қарашада аяқталады. Оны келесі сілтеме бойынша өтуге болады: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=2676


Пайдаланушылардың сауалнама сұрақтарына жауаптары Холдингке еншілес ұйымдардың қызметі, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын тиімді қолдауға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің сайтында "Сұрақ-жауап" бөлімі тұрақты жұмыс істейтінін хабарлаймыз (https://baiterek.gov.kz/ru/qa/) онда кез келген ниет білдіруші Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметіне, іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шараларына қатысты өз сұрағын қалдыра алады. Ол үшін ЭЦҚ қажет емес, кері байланыс үшін телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын енгізу жеткілікті. 2021 жылдың басынан бері Холдингтің сайтына 206 сұрақ келіп түсті, оларға уақытылы жауаптар берілді.


Сонымен қатар, өз сұрақтарыңызды Холдингтің Басқарма төрағасы Айдар Арифхановтың "Ашық диалог" порталындағы жеке блогына тікелей жолдауға болады (https://dialog.egov.kz/blogs/2326528/welcome ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап блогқа 49 өтініш келіп түсті, олар заңнамада көзделген мерзімдерде қаралды.