«Бәйтерек» холдингінде «Донор күні» өтті

Бүгін «Бәйтерек» холдингінде «Донор күні» өтті, оның барысында Холдингтің және еншілес ұйымдардың 77 қызметкері қан тапсырды.


 Холдинг ғимаратындағы донорлық қан қабылдау пунктін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Жарты жұмыс күні ішінде 30 литрден астам қан тапсырылды. Мамандардың айтуынша, бір адам тапсыратын 450 мл қанның физиологиялық дозасы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.


DSC_0053.jpg


Холдингтің Жобалық қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаментінің бас менеджері Нұраслан Балтемір 2019 жылдан бастап донор болып табылады. Оның пікірінше, қан тапсыру салауатты өмір салтын ұстану тәсілі ғана емес, қаны құйылатын бейтаныс науқастың сауығып кетуіне көмектесу жолы болып табылады.


DSC_0062.jpg


- Менің отбасымда барлығы донорлар. Біз мұндай шақыртулардан ешқашан тыс қалмаймыз. Бұған досымның отбасында болған жазатайым оқиға түрткі болды. Ойланбастан бәріміз олар үшін қан тапсырдық. Содан бері мұны игі дәстүрге айналдырдық. Мүмкіндігінше үш айда бір рет қан тапсырамыз: менің отбасым – Ақтөбеде, мен осында Нұр-Сұлтандамын. Бұл қиын жағдайға тап болған отандастарымыз үшін маңызды екенін түсінеміз. Донордың өзі үшін де пайдалы, өйткені адам ағзасы жаңарады», - деді ол.


«Бәйтерек» холдингі Қан орталығының қолдауымен өткізілген «Донор күнін» дәстүрге айналдырмақ. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік донор күні 14 маусымда атап өтіледі.