Ауылшаруалығын қаржылай қолдау қорының кепілдік бері функционалы «Даму» қорына өтті

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының функционалын орындауға кірісті. Бұл жайында Мемлекет басшысы 2020 жылғы қыркүйектегі жолдауында тапсырма берген болатын.


«Бәйтерек» холдингіне кіретін бірнеше мемлекеттік даму институты біріктірілгеннен кейін, (оның ішінде АШҚҚҚ да бар) оңтайланған штатта тиімді жұмыс істеу мақсатында көптеген функциялар артық әкімшілік шығынсыз қайта бөлінді. Соның аясында шағын және орта кәсіпкерлерге кепілдік беру функциялары «Даму» қорына берілді.


Қор ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары мен несие серіктестіктері беретін несие/микронесиелер бойынша кепілдік беру қағидаларында» көрсетілген кепілдіктің барлық шарттарын (қағидалар) толық сақтайды.


- «Даму» Қоры – ауылдық жерлер мен шағын қалалардың кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсету сабақтастығын қамтамасыз етті. Кепілдік беру сияқты құрал бойынша біздің даму институтымыз ШОБ саласындағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлермен 2007 жылдан бастап жұмыс істеуде тәжірибесі бар. Кепілдік беру – кепілмүлкі аз кәсіпкерлерге тиісті несиесін алуға мүмкіндік беретін жалғыз құрал. Ауылдық жерлер мен шағын қалалардың кәсіпкерлеріне кепіл болуды «Даму» қорына беру ұсынысы орынды, қисынды және орындалады, - деп хабарлады «Даму» Қорының баспасөз қызметі.