ЭКСПО аумағында КТК-гі жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу

"Бәйтерек девелопмент" АҚ

«7» тамыз 2019 ж.

Құрметті өтініш берушілер!

   «Бәйтерек девелопмент» АҚ 2019 жылдың 8 тамызынан бастап https://expo.baiterek.gov.kz/сату сайтында «ЕДБ қарыз қаражатын тарту» тетігі бойынша тұрғын үйді сату шарттары өзгеретінін хабарлайды.

   Бұрын сатып алушы ЕДБ қарыз қаражатын тарту арқылы шексіз пәтерлер сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 2019 жылғы 15 маусым мен 7 тамыз аралығында ЕДБ қарыз қаражатын тарту есебінен тұрғын үй сатып алуға 380 өтінімінен 2-і ғана пәтер сатылды. Сонымен қатар, 1 899 бөліп төлеу арқылы тұрғын үй сатып алуға өтінімнің 623 іске асырылды. «Бәйтерек девелопмент» АҚ қарауында 251 өтінім бар, оның ішінде ЕДБ қарыз қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға 89 өтінім. Бұл ретте 25 өтініш беруші 2 және одан да көп пәтерді броньда ұстап оларды сатып алу үшін ешқандай әрекет жасамайды.

    Барлық әлеуетті сатып алушылар үшін тең жағдай жасау мақсатында "Бәйтерек девелопмент" АҚ ЕДБ қарыз қаражатын тарту есебінен 1 сатып алушының 1 пәтерден аспайтын сатып алуын көздейтін өткізу шарттарына өзгерістер еңгізді.

   ЭКСПО аумағында тұрғын үй сатып алуымен байланысты сұрақтар болған жағдайда Call-орталыққа 8 800-080-01-01 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз (жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін)., демалыс күндері сағат 9-00-ден 15-00-ге дейін.).

26 июня 2019 г.

ЭКСПО аумағындағы пәтерлерді әлеуетті сатып алушылардың назарына

   «Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО аумағындағы Көппәтерлі тұрғын үйлерден пәтерді таңдау және брондау тегін жүзеге асырылатынын және ол барлығына https://expo.baiterek.gov.kz/. сайтында онлайн-режимде қолжетімді екенін хабарлайды. Брондау кезінде «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның шотына төлеу керек болатын жалғыз қызмет – бұл төлем қабілеттілігін бағалау, оның құны 5 мың теңгені құрайды.

   ЭКСПО аумағында жылжымайтын мүлік сатып алуға барлық өтінімдер бірегей болады және белгілі бір өтініш берушіге ЖСН деректері және аты-жөні бойынша байланыстырылады, тап осы деректермен бұдан әрі төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шарты жасалады. Брон басқа тұлғаға қайта ресімделмейді! Өтініш беруші өзі таңдаған пәтерден бас тартқан жағдайда, ол https://expo.baiterek.gov.kz/ сайтында онлайн брондау үшін қолжетімді пәтерлер тізіміне қайтадан кіреді.

   «Бәйтерек девелопмент» АҚ жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде акционерлік қоғам делдалдармен және/немесе риэлторлық ұйымдармен ынтымақтастық жасамайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ЭКСПО аумағындағы Көппәтерлі тұрғын үйлерден пәтер сатып алу бойынша ақылы қызмет көрсету туралы хабарламалар таратылуда, осыған байланысты «Бәйтерек девелопмент» АҚ барлық хабарламалардың үшінші тұлғалар тарапынан жасалып отырған алаяқтық әрекет көрінісі екендігін хабарлайды.

   Алаяқтарға алданып қалмау үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ азаматтардан сақ болуды және ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік брондау және сатып алу үшін бөтен тұлғалардың қызметіне жүгінбеуді сұрайды. Төлем қабілеттілігін тексеру және жылжымайтын мүлік сатып алу үшін ақша қаражаттарын сатып алушылар ресми хабарламаларда көрсетілген «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның банк шоттарына аударады.

   Компанияның ресми сайтында (http://baiterekdevelopment.kz/ru/exporesidence/)орналастырылған ЭКСПО аумағындағы Көппәтерлі тұрғын үйлерде жылжымайтын мүлікті өткізудің шарттары және тәртібімен мұқият танысуды өтінеміз. Өтінімге қоса беру керек болатын құжаттардың тізбесіне айрықша назар аудару керек және өтінім берудің алдында төлемді бөліп төлеу калькуляторы (https://expo.baiterek.gov.kz/ru/calculator)арқылы өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді алдын ала бағалау қажет.

   2019 жылғы 15 маусымнан бастап өтінімдердің дұрыс ресімделмеуі, төленбеуі және төлем қабілеттілігінің теріс бағалануы, сондай-ақ өтініш берушілердің ерікті түрде бас тартуы себебінен https://expo.baiterek.gov.kz/ сайтына 526 пәтер қайтарылды, оларға әлеуетті сатып алушылар қайтадан өтінім берді. Бүгінгі күні сатып алушылардың 425 өтінімі төлем қабілеттілігінің оң бағасын алды және 485 өтінімі қаралуда.

   ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен тұрғын үйді сатып алумен байланысты қосымша сұрақтар туындаса, 8 800-080-01-01 телефоны бойынша Call-орталыққа хабарласуды сұраймыз (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін).

Жылжымайтын мүлікті жүзеге асыру механизмі

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үй кешенінен пәтер мен көлік тұрағын кез келген адам сатып ала алады:

  • Өзінің қаражатына;
  • Екінші деңгейлі банктен несие алу арқылы;
  • Пәтер бағасының 20% бастапқы жарнасын төлеу арқылы 12 жылға 3 жылдық үстемақымен алуға болады. Бөліп төлеу арқылы сатып алушы тек 1 пәтердерді сатып ала алады. Көлік тұрағын сатып алу аталмыш жүйеге кірмейді. жүйе өтініш берушінің 70 жасына дейін шектелген.

Жылжымайтын мүлікті жүзеге асыру тәртібі мен міндеттерімен, сондай-ақ өтініш беру кезіндегі электронды жүйелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен мына жерде танысуға болады:

Өтінішті сайттың desktop нұсқасы арқылы жібере аласыз

158 млрд. тг.
ТӨЛЕНГЕН САЛЫҚТАР

2066 млрд. тг.
ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ

136 млрд. тг.
ЭКСПОРТҚА ӨНІМ

628.6 мың м22
ТАПСЫРЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ

10105 бір.
ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ